Құрметті өскемендіктер!
Сіздерді жарқын әрі қуанышты Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – өмірдің жеңісі мен жаңарудың, үміт пен мейірімнің нышаны. Пасха – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, адамдарды жақсылық пен ізгілікке жетелейді. Осы мерекелік күндері бір-бірімізге қамқорлық танытып, мейірімділік пен түсіністікті арттыру – бәрімізге ортақ міндет.
Отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға тыныштық пен береке тілеймін. Денсаулықтарыңыз мықты, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, әр күніңіз шаттық пен жылылыққа толы болсын.
Пасха мерекесі құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов
Пікірлер