ШҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,қаладағыірі инвестициялық жобаны жүзеге асырушыларға жерді жалға беру мерзімі ұзартылмай келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскеменде MaxiMall сауда ойын-сауық орталығының құрылысы жүріп жатыр. Оның құрылысына құйылған қаражат көлемі 11 млрд теңгені құрайды. Жоба Ұлттық инвесторлар пулына енгізілген.
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы осы инвестициялық жобаға қолдау көрсетуде.
-Мониторинг барысында жергілікті атқарушы органдардың ұзақ мерзімді жер пайдалану шартын созудан негізсіз бас тартқаны белгілі болды. Өскемен прокуратурасымен бірлесіп, кәсіпкерлерге заңгерлік көмек көрсетіліп, екі жер телімін жалға беру мәселесі шешілді, - деді палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәнгірханова.
Пікірлер