21 сәуірде Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының қолдауымен ҚР Сот әкімшілігінің ШҚО бойынша департаментіндегі қызметкерлер арасында «Абай – адамзаттың рухани әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараның мақсаты - ұлы Абайдың әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттыру, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармаларын, өлеңдері мен қара сөздерін оқып, философиялық ой-толғамдарын талқылады. Бұдан бөлек, Абай шығармалары бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп халық үшін еңбек еткен ұлы Абай шығармалары оқу-ағарту ісінде, әдебиет, мәдениет, заң саласында, жалпы қай салада болмасын маңызын ешқашан жоймайды. Осы шараға уақыт бөліп, құнды мәлімет берген Лингвистикалық орталықтың ұжымына алғыс білдіреміз! - деді департамент қызметкерлері.
Пікірлер