A+ A A-

talgatzhan 50 22-04-2025, 17:00 0

Елімізде қызылша ауруының таралуы азайды

Бүгін / Республика

Қазақстанда инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты ма? Сонымен қатар, қызылша ауруын жұқтыру деректері қаншалықты азайды? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

 

- Жалпы елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қызылша бойынша да эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып жатыр, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, биылғы наурыз айында қызылшаның 804 жағдайы тіркелді. Бұл ретте осы ауруды ең көп жұқтырудың осыған дейінгі кезеңімен (10339 жағдай) салыстырғанда, оған шалдығу көрсеткішінің 99 пайызға төмендеуі байқалды.
- Осы жылдың басынан 1 205 жағдай тіркелді, оның ішінде 75 пайызы вакцина егілмеген балалар есебінен болды, - деп аталып өткен ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив