Велосипедтер, самокаттар мен бесік арбалардың ұрлығына байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында 22 сәуірден бастап Үлбі ауданында «Велосипед» атты жедел-алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол шара арнайы бұйрық шыққанға дейін жалғасады.
- Қараусыз қалған велосипед - қылмыскер үшін жеңіл олжа екенің естен шығармаған жөн. Тіпті көпқабатты үйдің баспалдағы да оны сақтау үшін сенімді орын емес, - деп ескертті Өскемен қалалық полиция басқармасынан.
Пікірлер