A+ A A-

talgatzhan 32 23-04-2025, 10:40 0

Газбен жүретін көлік саны бір жылда 16% өскен

Бүгін / Республика

Бір жылда елдегі газбен жүретін көліктердің саны 582 мыңнан 677 мыңға дейін артқан. Бұл жайында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.


- Министрлік ай сайын өңірлер бойынша шамамен 130 мың тонна сұйытылған газ бөледі. Алайда, газ тарату көлемі өңірлердің қажеттілігінен 25-30 мың тоннаға немесе 23% аз.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, 2024 жылы газбен жүретін автомобильдер саны 677 мың болған немесе 2023 жылмен салыстырғанда 16% өскен, - деді министр.
Ведомство басшысы сұйытылған газ бағасының төмендігі аталған өнімді тұтынудың өсуіне себеп болып отырғанын атап өтті.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзен газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуін Үкіметтің өрескел олқылығы ретінде бағалаған еді.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив