Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі – 1 сынып сержанты Қуат Қасымов, 3 сынып сержанты Данияр Сапаралиев және сержант Санат Қазбеков 80 шақырымдық марафон жүгірісін орындады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жүгіру таң ата Слусары елді мекенінен басталып, Жаңа Ахмер кентіндегі әскери бөлімге дейін жалғасты. Әскери қызметшілер бұл қашықтықты 8 сағат 24 минутта еңсеріп шықты.
– Бұл жүгіруді ұйымдастырудағы мақсатымыз – Жеңістің 80 жылдығына деген құрметімізді көрсету. Әр шақырым біз үшін жауынгерлердің ерлігін, табандылығын еске түсірді. Батырлардың рухы бізге күш беріп отырды, – деді 3 сынып сержанты Данияр Сапаралиев.
Бұл марафон тек спорттық жетістік қана емес, Отан үшін жанын қиған батырларды еске алудың жарқын үлгісі болды. Жол бойында сарбаздар Ұлы Жеңістің маңызын, бейбіт күннің қадірін және әскери борыштың жауапкершілігін тағы бір мәрте сезінді.
Осындай патриоттық шаралар жас ұрпаққа үлгі болып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түсетіні анық.
Пікірлер