«Өскемен әуежайы» АҚ Өскемен – Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашылғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1 маусымнан бастап SCAT әуекомпаниясы рейстерді аптасына бес рет – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындайды.
– Шымкент әуежайы Мюнхен, Будапешт, Мәскеу және Ыстамбұл сынды халықаралық қалаларға сапар шешуге мүмкіндік береді, – деді «Өскемен әуежайы» АҚ президенті Серік Оразғалиев.
Айта кетейік, билеттер сатылымға шықты.
Ұшу кестесі мен брондау шарттары авиакомпанияның сайтында және кассаларда қолжетімді.
Пікірлер