A+ A A-

talgatzhan 30 24-04-2025, 16:40 0

Өскеменде оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында білім ұяларының озат оқушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ел болашағы – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілік дарытуға бағытталған бұл салтанатты рәсім оқушылар үшін үлкен мәртебе мен жаңа міндеттің бастауы болды.

– Басты мақсат – мектеп оқушыларының әлеуметтік белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық және танымдық бастамаларына қолдау көрсету. Бұл ұйым арқылы оқушылар тек жеке дамып қана қоймай, қоғам өміріне де белсене араласатын болады, – деді әдіскер Ләззат Татикова.
6 сынып оқушысы Ақмаржан Нұрболқызының айтуынша бұл күн ерекше есте қалады.
– Көк галстук тағылған сәтте бойымды патриоттық сезім кернеді. Өзімді осы елдің нағыз азаматы ретінде сезіндім. Бұл - үлкен жауапкершілік, – деді ол.
Осылайша, жас өрендер «Жас Ұлан» қатарында елжанды тұлға болып қалыптасуға алғашқы қадамдарын жасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив