ШҚО Білім басқармасының ақпаратына сүйенсек, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл мүмкіндік бірінші кезекте балалар үйінің тәрбиеленушілеріне беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жалпы алғанда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 140 бала үшін жолаушылар кемесімен бір күндік турлар ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары мен ойын-сауық, танымдық бағдарламалар пысықталуда.
Бұдан бөлек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 колледж студенті Үлкен Нарындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында демалады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер