30 сәуірде ұйымдастырылатын өңірлік форумға агросалада еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер шақырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Ауыл шаруашылығы техникасының заманауи үлгілері, түрлі тұқым түрлері мен тың технологиялар – барлығы бір алаңда! Көрме, тәжірибе алмасу, жаңа байланыстар – бәрі сіз үшін! Қазақстан, 55 мекенжайына келіңіз, көріңіз, даму бағытыңызды табыңыз! - делінген облыстық әкімдік ақпаратында.
Сондай-ақ шараға сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев, Ұлттық майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов және ғылыми ұйымдардың мүшелері қатысады.
Пікірлер