A+ A A-

talgatzhan 7 25-04-2025, 12:30 0

Өскеменде Жұлдыз Ахметсәлімқызын еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир басталды

Бүгін / ШҚО / Зайсан

Бүгін облыс орталығында Зайсан ауданының қыздар волейбол командасының капитаны Жұлдыз Ахметсәлімқызын еске алуға арналған турнир басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2008-2011 жылы туған қыздар арасындағы волейболдан аймақтық ашық біріншілік басталды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 14 команда қатысып жатыр. Тартысты ойындар екі күн бойы өтеді. Турнирдің мақсаты – 1-10 мамыр аралығында Тараз қаласында өтетін жастар ойындарына үздік командаларды іріктеу. 
- Жарысқа қатысушылар жоғары деңгейде дайындықпен келген. Бұл турнир жас волейболшылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оның дамуына серпін береді. Байрақты бәсеке жастар арасында волейболды дамытуға үлкен ықпал етіп, өз кезегінде, ең үздік командаларды анықтап, оларды Тараз қаласында өтетін жастар ойындарына дайындау мақсатын көздейді, – деді волейболдан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Болатбек Даумов.
Айта кетейік, еске алу турнирі бұған дейін 19 жыл қатарынан Зайсан ауданында ұйымдастырылып келген. Биылғы турнир 20-шы рет облыс орталығында өтіп отыр.

Жарыс Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен және марқұмның туыстарының демеушілігімен ұйымдастырылуда. Бұл турнир – салауатты өмір салтын насихаттау мен жас спортшыларды қолдаудың жарқын үлгісі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив