“Өскемен әуежайы” АҚ ақпаратынша, 3 маусымнан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы Шымкентке аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері рейс орындайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл - облыс тұрғындарының, мектеп оқушыларының жазғы демалыста саяхаттауына жақсы мүмкіндік. Рейстердің кестесі мен билеттердің бағасын авиакомпанияның веб-сайтынан қарауға болады. Ал 2 маусымнан бастап SCAT әуекомпаниясы Шымкентке дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері рейстер орындайды. Жаңа әуе рейстері Шығыс Қазақстан облысынан ұшатын бағыттардың ауқымын кеңейтеді, тұрғындарға іскерлік сапарлар мен туристік саяхаттар үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады.
Пікірлер