26 сәуір күні сағат 9:00-де облыс орталығында кезекті сенбілік ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Бейжай қарамайтын қала тұрғындарын, еңбек ұжымдарын, шағын және орта бизнес өкілдерін өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. ПИК және МИБ өкілдерін де белсенділік танытып, бірлесіп жұмыс істейді деп үміттенеміз. Бірге жоғары нәтижеге жетуге болады, - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.
Пікірлер