Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 30 сәуірде “Біз - тату елдің халқымыз!” ұранымен қан тапсыру акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – облыс орталығының тұрғындарын қан тапсыруға шақыру. Бұл акция қан мен оның компоненттерін қажет ететін адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесуге бағытталған,
Акцияға барлық қан тобының донорлары қатыса алады.
Донорларды қабылдау 8:30-дан 13:00-ге дейін үзіліссіз жүргізіледі.
Қан тапсыру үшін жеке куәлікті алып келу қажет.
Акция өтетін мекенжай: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы (Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11).
Автобустардың маршруттары: № 17, 26, 46, 260 және 43.
Донорлық мәселелер бойынша телефондар: 70-08-08, 70-38-38.
Пікірлер