A+ A A-

talgatzhan 31 28-04-2025, 15:30 0

Өскеменде көпір асты өткелдері уақытша жабылды

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, Үлбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Протазанов көшесіндегі көпір асты жолдар уақытша жабылады. 

- Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды. Су деңгейін бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынуда. Уақытша шектеулер жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталмақ. Қалған учаскелер су деңгейінің көтерілуіне қарай, қажеттілігіне байланысты жабылатын болады. Кептелістер мен қолайсыздықтар болмас үшін өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген әкімдік ақпаратында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив