A+ A A-

talgatzhan 14 29-04-2025, 12:35 0

Өскеменде 20 мыңға жуық адамның жылу мен ыстық суға қарызы бар

Бүгін / Өскемен

60-тан астам тұрғынның үйінде жылу өшірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

“Шығыс жылу” АҚ қала бойынша 118 848 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 98 912 адам төлемді уақытында жасайды. 14 754 адамның 1 айдан 3 айға дейін қарызы бар, ал 5 200-ден астам тұтынушының берешегі бір жылдан асып кеткен.
- Коммуналдық кәсіпорын борышкерлермен үнемі жұмыс істейді. Қарызды өтеу үшін қоңырау шалу, хабарлама жіберу, сотқа дейінгі шағым сияқты шаралар қолданылады. 100-ден астам рейд жүргізіліп, 520 адамның мүлкі мен көлігіне тыйым салынды. Үш адамға елден шығуға шектеу қойылды. 40 миллион теңгеден астам сома жалақы мен басқа кірістерден өндірілді. Сондай-ақ 380 қарызды бөліп төлеу келісімі жасалды, - дейді “Шығыс жылу” АҚ қаржы директоры Алла Фатеева.
Өткен жылдың өзінде сотқа 617 млн теңгеге жуық өндіріп алу туралы 1 876 талап қойылып, оның 64%-ы орындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив