Тапқан табысының 22,4%-ын азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсаса, 18%-ы ақылы қызметке кеткен. Осылайша қазақстандықтар несие пен қарыз өтеуге тапқан табысының 6,6%-ын жұмсаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтыр қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы 1 328 907 теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға артқан. Табыс өскенімен, бәрі қымбаттап шығын артты. Тұтыну мен басқа да қажеттіліктерге кететін шығын көлемі халықтың өмір сүру деңгейінің өзгергенін көрсетеді.
Өңірлік тұрғыда алғанда, ең жоғары өсім Астана қаласында тіркелген. Бұл қалада халықтың тұтынуға бағытталған табыстары республикалық орташа деңгейден айтарлықтай жоғары. Керісінше, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ең төменгі деңгейдегі өңірлер қатарынан көрінді. Бұл аймақтардағы тұтынуға пайдаланылған табыстар республикалық орташа деңгейден 0,7%-ға төмен.
2024 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда нан өнімдері және жарма өнімдері тобынан басқа барлық азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды.
Пікірлер