A+ A A-

talgatzhan 32 29-04-2025, 16:40 0

Абай облысында түрмеде отырған адам көз жұмды

Бүгін / Республика

Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адамның қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Әзірге ер адамның нақты қалай көз жұмғаны жайлы ақпарат жоқ. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

— Қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпаратты жария етуге заңмен тыйым салынған, — деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив