A+ A A-

talgatzhan 37 29-04-2025, 17:30 0

Өскеменде «Бірлік пен жасампаздыққа – 30 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін / Өскемен

29 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді. Шараға мемлекеттік органдардың, ҚХА ШҚО ғылыми қауымдастығы өкілдері, этнодемография саласындағы жетекші сарапшылар мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Ержан Айқымбековтің айтуынша, мемлекеттік қызметтегі өзге ұлт өкілдерінің үлесі жылдан-жылға артып келеді.
- Қызметкерлер конкурс арқылы жұмысқа алынады. Оның ішінде өзге этнос өкілдері де бар. Атап айтсақ, облыс бойынша мемлекеттік қызметте жүрген қызметшілердің 15%-ы басқа ұлттардан құралған, - дейді Ержан Айқымбеков. 

Дөңгелек үстел отырысында әлеуметтік-экономикалық үрдістер кезіндегі Қазақстанның демографиялық дамуы, ҚХА-ның ғылыми-сараптама қызметі, әлеуметтік тұрақтылық, қазақстандық қоғамда мемлекеттік құндылықтарды насихаттау мен нығайтуға жастардың қатысуы сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген сауалнама негізінде түсірілген бейнеролик көрсетілді. 

- Қазақстан көп этникалы мемлекет болғандықтан тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтай отырып, елді дамыту өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын. Қазір біздің филиалымызда «Бір ел - бір тағдыр» атты үлкен жоба атқарылып жатыр. Бұл бағдарлама аясында мемлекеттік қызметкерлер арасында сұхбат жүргіздік. Жалпы блиц-сауалнама жүргізудегі мақсатымыз – барлық этникалық топтармен бірлесе, бір елге айналуға ықпал ету, ұлттар арасындағы татулықты нығайту, - дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ШҚО бойынша филиалының директоры Жанар Қаликанқызы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив