A+ A A-

talgatzhan 31 30-04-2025, 09:00 0

Прокуратура басшылығы Өскемен конденсатор зауытында болды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының прокуратура басшылығы ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының лауазымды тұлғаларымен бірлесіп, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-ға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскемен конденсатор зауыты – өңірдегі тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі, ол сұранысқа ие өнім өндірумен қатар, қала тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. 

Сапардың негізгі мақсаты – өндіріс көлемін ұлғайтуға және кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын толық пайдалануға қолдау көрсету. Ерекше назар клиенттік базаны кеңейту және жаңа өткізу нарықтарына шығу мәселелеріне аударылды.

Кездесу барысында бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктері, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету шаралары, басқа кәсіпорындармен кооперациялық байланыс орнатудың мүмкін жолдары талқыланды. Өнеркәсіп саласындағы субъектілердің артық әкімшілік кедергілерсіз тиімді дамуына жағдай жасау аса маңызды екені ерекше атап өтілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив