A+ A A-

talgatzhan 34 30-04-2025, 09:30 0

Үлкен Нарын ауданында семинар өтті

Бүгін / Үлкен Нарын

29 сәуірде ШҚО Мәдениет басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Үлкен Нарын ауданындағы тілдерді оқыту орталығында «Тіл үйренуде цифрлық платформаларды қолданудың маңызы» тақырыбында облыстық деңгейде семинар  ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шараның мақсаты - мемлекеттік және басқа тілдерді ересек тұрғындарға оқыту  және іс-тәжірибемен бөлісу.

Семинарға лингвистикалық орталықтың, Алтай, Риддер қалалары мен Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха, Самар, Ұлан аудандарындағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері мен оқытушылары, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы, бөлім мамандары қатысты. 

Үлкен Нарын ауданындағы тілдерді оқыту кабинетінің оқытушылары, Солдатово, Новополяковка ауылдық округтерінде ашылған мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің оқытушылары, «Достық үйі» жанында ұйымдастырылған «Қазақша сөйлейік» клубының оқытушысы іс-тәжірибесімен бөлісті.  

Цифрлық оқыту платформалары заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Өткізілген семинар осы мақсаттарды жүзеге асырды. Сандық платформалар арқылы заманауи сабақтардың үлгілері көрсетілді, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. 

Семинардың қорытынды кезеңінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда еңбек етіп, тіл мәртебесін дамытуға үлес қосып жүрген  семинар қатысушылары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив