Ертең сағат 12:00-де Республика алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Qazaqelі – татулық мекені» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Концерттік бағдарламада Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы әртістерінің ұлттық мәдениет пен этностар дәстүрлерінің байлығын көрсететін жарқын музыкалық және вокалдық нөмірлері ұсынылады.
Сондай-ақ қолөнершілер көрмесі мен фудкорт ұйымдастырылады.
Пікірлер