A+ A A-

talgatzhan 37 30-04-2025, 21:00 0

Өскемендегі Қазақстан көшесінде 38 түп қарағай отырғызылды

Бүгін / Өскемен

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың және Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының өкілдері Қазақстан көшесіне 38 түп қарағай отырғызды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Көгалдандыру және абаттандыру мәселесі біздің жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жасыл аумақтар жайлылық пен экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, қалаға ерекше көрік береді. Осындай бастамалар бірлескен күш-жігердің арқасында елді мекендерді ерекше түрлендіруге болатынын көрсетеді, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының барлық елді мекенін көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив