Бүгін «AMANAT» партиясының бастамасымен, мәслихат депутаттары мен жастардың қатысуымен Зайсан қаласында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Шара аясында қала көшелері қоқыстан тазартылып, ағаштар отырғызылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл акция – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен туған өлкені аялауға үндейтін маңызды қадам.
Таза қоршаған орта – ұлт болашағына деген қамқорлықтың белгісі. Осындай шаралар арқылы біз жастарымызды еңбекке баулып, табиғатты аялауға тәрбиелейміз. Бірлік пен берекені ту еткен бұл күнде, ортақ мақсатқа жұмылып, туған жерімізді көркейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Бірлік бар жерде – береке бар!
Пікірлер