Жеңістің 80 жылдығына орай «Юбилейный» кинотеатры шығысқазақстандықтарды батырларды еске алуға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
9 мамырда кинотеатрдың үлкен экранында майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің фотосуреттері күні бойы үзіліссіз көрсетіледі. Ұйымдастырушылар өскемендіктерді шараға белсенді қатысып, батырларды бірге еске алуға шақырады.
5 мамырға дейін кез келген қала тұрғыны өз туыстары – Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің немесе тыл еңбеккерлерінің фотосуреттерін pr@kinoteatr.kz электрондық поштасына жолдай алады. Хатқа келесі ақпараттарды қоса көрсету қажет: фотода бейнеленген адамның аты-жөні, өмір сүрген жылдары, қысқаша сипаттама. Жиналған материалдар арнайы LED-экранда көрсетіледі.
Былтыр жіберілген фотосуреттер автоматты түрде трансляцияға енгізіледі. Оларды қайта жіберудің қажеті жоқ.
Пікірлер