3 мамыр күні қалада екі жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Алтай» көтерме-сауда орталығының аумағында (Жібек жолы, 44) Шемонаиха ауданынан келген тауар өндірушілердің, ал Достық үйінің алдында (Н.Назарбаев даңғылы, 68) жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтеді.
Онда сүт, ет және шұжық өнімдерін, бал, көкөністер мен жемістер, басқа да тауар түрлерін сатып алуға болады. Өтетін уақыты: сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін.
Пікірлер