3 мамыр Жеңістің 80 жылдығына орай «Көктем Жеңісі» атты жылжымалы концерт ұйымдастырылып, Кеңес Одағы Батырларының құрметіне аталған 5 көшеде мереке өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жылжымалы концерт бағдарламасында музыкалық және театрландырылған қойылымдар, соғыс жылдарындағы әндер қарастырылған.
Концерттік колоннаның бағыты:
10:00 – Әлия Молдағұлова көшесі (автобус аялдамасының соңғы тұрағы алаңы).
Қозғалыс бағыты: Энтузиастов, І.Айтықов көшелері бойынша.
10:40 – Ізғұтты Айтықов ескерткіші (гүл шоқтарын қою).
Қозғалыс бағыты: Самар тасжолы, Рейша, Қазыбек би, Есенберлин даңғылы, Өтепов, Сәтпаев даңғылы, Ертіс көпірінен Желтоксан көшесіне түсу, одан әрі Новаторлар мен Мызы көшелерімен.
11:00 – В.Мыза көшесі («Гостиный двор» алаңы).
Қозғалыс бағыты: Шәкәрім, Гоголь көшелері, Достық үйі, Гагарин бульвары, Карбышев көшесі.
13:00 – Карбышев көшесі («Самал» саябағының автотұрағы).
Қозғалыс бағыты: Студенттер қалашығы, Астана даңғылы, Үлбі көпірі, С.Нұрмағамбетов көшесі арқылы.
14:00 – Арбат
С.Нұрмағамбетов, Қ.Қайсенов, Т.Тоқтаров атындағы көшелер мерекесі.
Пікірлер