A+ A A-

talgatzhan 30 2-05-2025, 15:00 0

Соңғы қоңыраудың қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін / Республика

Қазақстанда дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы өз мәресіне жақындап қалды. Биыл 11-сынып түлектері үшін салтанатты шаралар мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес 23 немесе 24 мамырда өтеді, деп хабарлайды Buqara.kzтілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, 2024-2025 оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындыласа, оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады.

23 мамыр күні еліміздің барлық білім ордаларында "Білімім – Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Бұл – оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу жылының қорытынды сәтін бірге атап өтетін маңызды күн. Сабақ барысында оқу процесінде жеткен жетістіктер, ерекше жобалар мен есте қалған сәттер еске алынады.

Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық рухты, еңбекқорлықты және білімге деген ынтаны қалыптастыру. Жас буынның білім жолындағы табысы – ел болашағының берік іргетасы болмақ. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен тұспа-тұс келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шаралар мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес 23 немесе 24 мамырда өтеді, - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік барлық білім беру ұйымдарын оқу жылының аяқталуын қауіпсіз әрі тең форматта өткізуді ұсынады. Осыған байланысты сән-салтанатты жиындар өткізу, ақша жинау, автокөлікпен шерулер жасау және мектеп қабырғасынан тыс өзге де іс-шаралар ұйымдастыру қатаң түрде шектелетінін еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив