A+ A A-

talgatzhan 30 2-05-2025, 17:15 0

Қазақстандықтар ел ішіндегі сапарларға 582,7 миллиард теңге жұмсаған

Бүгін / Республика

Оның ішінде республика шегінде 9 903,5 мың адам (87,7%), республикадан тыс жерлерге – 1 383,4 мың адам (12,3%) сапарға шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 10 532,8 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 93,3%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 754,2 мың адам (6,7%).

Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында Астана (10,5%), Алматы (10,2%) қалалары, сондай-ақ Түркістан (8,8%), Қарағанды (7,9%) және Алматы (7,4%) облыстары бар.

Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі жатын орны тегін болатын туыстары не таныстарына (64,2%) баруды жөн көрген. Қонақүйлерде (15,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,6%) және санаторийлерде (3,3%) тоқтағандардың үлесі айтарлықтай аз.

Пайдаланылған көлік түрлері бойынша қарасақ, ел ішінде сапарлағандар өз автокөлігімен (36,1%) және теміржол көлігімен көбірек қозғалған (26,4%), сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) жөн көрген.

2024 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 957,7 млрд теңгені құрады, ел ішінде сапарлағандар  – 582,7 млрд теңге (60,8%).

Қазақстан шегінде жеке мақсатта туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыстары тауарларды сатып алу (29,5%), көлік қызметтері (25,2%), тамақтану (21,0%) және орналастыру орындарында тұру (12,6%) қызметтеріне кеткен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив