A+ A A-

talgatzhan 31 3-05-2025, 11:30 0

Өскеменде Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Бүгін / Шемонаиха

Облыс орталығындағы “Алтай" көтерме-сауда орталығының аумағында Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жәрмеңкеде ауданға қарасты ауылдық округтерден келген шаруа қожалықтарының иелері мен кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Қала тұрғындары табиғи, сапалы өнімдерді делдалсыз, тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сауда алаңында ет, сүт, бал, жеміс-жидек пен көкөністер молынан ұсынылды.
Мәселен, сиыр еті 2500 теңгеден, қой еті 2300 теңгеден сатылып, қала базарларындағы бағамен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды. Сонымен қатар Шемонаихада өндірілетін нан өнімдері көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ жәрмеңкеде жергілікті өнерпаздар концерт ұйымдастырды.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив