A+ A A-

talgatzhan 31 4-05-2025, 13:00 0

Зайсан ауданында жас сарбаздар әскери ант қабылдады

Бүгін / Зайсан

4 мамыр күні ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасында жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл – әрбір сарбаз үшін ерекше мәнге ие, Отан алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің нышаны болып саналатын маңызды сәт, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

200-ден астам жас сарбаз ел шекарасын күзетуге, бейбіт өмірді қорғауға және мемлекеттің тұтастығын сақтауға салтанатты түрде ант беріп, азаматтық өмірдің жаңа белесіне қадам басты. Олардың жүзінен туған жерге деген мақтаныш пен ел алдындағы жауапкершіліктің биік рухы айқын сезілді.

Салтанатты іс-шараға қатысқан мәртебелі қонақтар қатарында Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ришат Рамазанов, Шекара басқармасының командирі, полковник Есім Ибраев, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева, Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бауыржан Оразғалиев, Зайсан мешітінің бас имамы Теңлік Ақмедияр, сарбаздардың ата-аналары мен әскери қызметкерлер болды.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ришат Сағибекұлы сарбаздарға құттықтау сөз арнады. 

- Бұл — ер жігіттің елге берген серті. Сендер – Тәуелсіздіктің тірегі, халқымыздың сенімі! Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқарып, аман-есен оралыңдар! – деп ақ тілегін жеткізді.

Полковник Есім Ибраев жас сарбаздарға әскери тәртіп пен рух биіктігін, борышқа адалдықты басты ұстаным етуге шақырды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен аудан имамы сарбаздарға ақ баталарын беріп, амандық пен ел тыныштығын тіледі.

Ата-аналар үшін бұл күн – қуаныш пен мақтанышқа толы, жүрек тебірентерлік сәтке айналды.

Жас сарбаздар өз кезегінде:

- Біз Отан алдындағы борышты адал өтеуге ант етеміз! Халқымыздың сенімін ақтаймыз! – деп, әскери қызметке дайын екендіктерін білдірді.

Бұл – ел мен жер алдындағы серт. Бұл – ерлік жолындағы алғашқы қадам.

Отан үшін берілген уәде – мәңгілік адалдықтың нышаны!

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив