A+ A A-

talgatzhan 31 5-05-2025, 11:00 0

Зайсан ауданында алты отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бүгін / Зайсан

Кеңсай ауылында алты отбасыға жаңа тұрғын үй кілттері табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Кеңсай ауылдық округінде көп балалы және әлеуметтік осал санаттағы алты отбасы баспаналы болды.

Қоныс тойына аудан әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева арнайы қатысып, аудан әкімі атынан құттықтады.

- Бұл баспаналар - мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесі, - деді аудан әкімдігінің өкілдері.

Айта кету керек, өткен жылы көпбалалы отбасыларға 232 пәтер, ал әлеуметтік осал топтарға 518 пәтер пайдалануға берілген.

Биыл жоспар бойынша 180 пәтер салу және сатып алу жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив