A+ A A-

talgatzhan 2 5-05-2025, 14:00 0

Кей өңірде үсік жүріп, кей аймақта +38 градус ыстық болады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Алдағы күндері республика аумағында ауа райын Оңтүстік циклон қалыптастырады. Соған байланысты 6–8 мамыр аралығында еліміздің батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. 

6–7 мамырда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау облысында, 7–8 мамырда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады.

Тек Қарағанды облысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. 8 мамырда республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

6 мамырда Павлодар мен Абай облыстарында, 6–7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі және таңертеңгі уақытта үсік жүреді деп күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыс өңірлерде 23–30 градустан 21–26 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда 20–25 градустан 24–29 градусқа дейін көтеріледі. Орталықта 22–30 градустан 27–35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 31–38 градус, оңтүстік-шығыста 25–32 градустан 30–38 градусқа дейін ысиды. 

Айта кетелік бүгін антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз әрі жылы болады. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив