A+ A A-

talgatzhan 1 5-05-2025, 14:30 0

Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі халықаралық рейтингінде 44-орынға көтерілді

Бүгін / Республика

Қазақстан деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) әлемдік рейтингінде 51-ші орыннан 44-ші орынға дейін көтеріліп, өз позициясын жақсартты (2020 жылы – 187 елдің ішінде 54-ші, 2022 жылы – 195 елдің ішінде 51-ші орын), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанның жалпы балы 100-ден 72 болды, рейтингте ресми статистиканың негізгі секторлары бойынша деректер ашықтығы мен қамтылу дәрежесі бағаланды. Қазақстан «қамту» индикаторы бойынша ерекше жоғары нәтиже көрсетті, 198 ел арасында 14-ші орын.

2024 жылы рейтинг көш басын Малайзия бастады, жалпы ұпайы – 90, одан кейін үздік бестікке Сингапур, Финляндия, Дания және Польша кірді. 

Open Data Inventory (ODIN) халықаралық рейтингі 2015 жылдан бастап қалыптасады және Ұлттық статистика басқармасының сайтында немесе басқа да ресми мемлекеттік платформаларда жарияланған ресми статистиканың ашықтығы мен толықтығын бағалайды. 

ODIN негізгі мақсаты – деректердегі олқылықтарды анықтау, ашық деректер саясатын ілгерілету, пайдаланушылардың ақпаратқа қол жетімділігін арттыру және статистика органдары мен қоғам арасындағы диалогты дамыту. 

Айта кетелік Қазақстан цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТОП-35 елдің қатарына енген еді. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив