Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, биыл жазда Шешек асуының аумағында жаяу жүргіншілер үшін демалыс орны пайдалануға беріледі.
- Ескі Самар тасжолында адамдар жаяу жүреді, серуендейді. Бұл жер биікте орналасқандықтан көрінісі де жақсы. Сондықтан адамдардың демалуы үшін ыңғайлы жағдай жасауды қарастырып жатырмыз, - деді шаһар басшысы.
Асудың екі жағынан 50 көлікке арналған автотұрақ салынып, мангалға арналған жер пайда болады. Бұдан бөлек, орындықтар мен балалар алаңы жабдықталады.
Демалушыларға ыңғайлы болу үшін қоқыс жәшіктері және дәретхана орнатылады. Жарық орнату мәселесі де назарға алынбақ.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер