455 498.77 5.56
A+ A A-

Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті

Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы сәуірге дейінгі аралықта жаңа астық өнімі экспорты 7,6 млн тоннаны құрады. Бұл — өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға артық (4,8 млн тонна),  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Экспорт көлемінің артуы қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы жоғары сұранысты, сондай-ақ жеткізу географиясының кеңейіп, логистикалық бағыттардың тиімді жетілдіріліп жатқанын көрсетеді.

Экспорттың негізгі бағыттары және өсім қарқыны: Өзбекстан — 2,7 млн тонна (+29,7%, 2023 жылғы 2 млн тоннамен салыстырғанда); Тәжікстан — 1,1 млн тонна (+51%, 726 мың тоннамен салыстырғанда); Ауғанстан — 270 мың тонна (+34%, 202 мың тоннамен салыстырғанда); Қырғызстан — 181 мың тонна (екі есе артты); Иран — 889 мың тонна (2023 жылғы 54 мың тоннамен салыстырғанда 16,4 есе өсті); Әзербайжан — 569 мың тонна (5 мың тоннадан 113,8 есе өсті).

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін дамыту және қолдау жұмыстарын жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив