Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ертең облыс орталығында өтетін іс-шаралар тізімін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
7 Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылады:
Сағат 11:00 - Сол жағалау кешенінде мерекелік концерт;
Сағат 12:00 - Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі (19 шағын аудан).
Сондай-ақ Сол жағалау кешенінде және Б.Александров атындағы спорт сарайындағы LED-экраннан әскери парадтың трансляциясын көруге болады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер