Бүгін облыстық қан орталығында Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған игі бастама қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл — ел тарихында маңызды орны бар қос мерекеге деген құрмет пен алғыс білдірудің жарқын үлгісі. Отан қорғаушылар күні — ерлік пен адалдықтың, рух биіктігінің белгісі болса, Жеңіс күні — миллиондаған адамның өмірі мен ерлігінің арқасында келген бейбітшіліктің қадірін ұғындыратын ерекше мереке.
- Акция аясында 40-тан астам ер азамат қан орталығына келіп, донор ретінде өмір үшін күресіп жатқан жандарға үміт сыйлады. Бұл — бейбіт күнде жасалған нағыз ерлік пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі,- деді Қан орталығының директоры Светлана Александровна.
Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ
Пікірлер