A+ A A-

talgatzhan 30 7-05-2025, 14:20 0

Ұлан ауданында бокстан республикалық турнир өтіп жатыр

Бүгін / Ұлан / Спорт

4–8 мамыр аралығында Қасым Қайсенов кентінде 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Турнир Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің құрметіне ұйымдастырылды.

Бұл жарыс 2006–2017 жылдары облыстық деңгейде өткізілсе, 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде жалғасып келеді.

Биыл Алматы, Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген командалардың 178 спортшысы қатысуда.

Жас былғары қолғап шеберлеріне қолдау көрсетуге облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Қасым Қайсеновтің ұлы Болат Қасымұлы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асылбек Кылымов келді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив