Бүгін қала тұрғындары Республика алаңындағы киіз үйде өтетін фильм көрсетілімін тамашалай алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"1941 жылдың жазы" көркем фильмі 8 мамырда сағат 19:00-де көрсетіледі. Бұл туынды 1941 жылы басып алынған Беларусь жерінде партизан отрядын басқарған лейтенант Ади Шариповтың оқиғасы туралы. Айта кетейік, алдағы уақытта киіз үйде түрлі іс-шараларды өткізу жалғасады.
Пікірлер