A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 11:00 0

Өскеменде түнде ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге рейд жүргізілуде

Бүгін / Өскемен

Қалалық прокуратура ішкі істер және уәкілетті органдармен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін қолға алды, деп хабарлайды Bukara.kz сайтының тілшісі. 

Түнгі рейдтер де ұйымдастырылып, жасөспірімдердің үлкендердің қарауынсыз жүруіне жол бермеу шаралары қабылдануда. 
10 сәуір мен 6 мамыр аралығында ішкі істер органдарына жалғыз жүрген 227 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. Олардың бесеуі уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. 
Рейд барысындла 271 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 223-і түнде ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген жасөспірімдерге қатысты. Балалардың түнгі мекемелерде болуы, ішімдік ішу фактілері анықталды. Кәмелетке толмағандардың ұсақ бұзақылық жасау фактілері, қоғамдық орындарда қоқыс тастау және тыныштықты бұзумен байланысты құқық бұзушылықтар тіркелді. Тәрбиелік міндеттерін орындамаған ата-аналарға қатысты 26 әкімшілік хаттама толтырылды.
Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. Тәртіп сақшылары алдағы мереке күндері ата – аналарды балаларының кімме және қайда жүргеніне назар аударуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив