A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 11:40 0

ШҚО-да 97 жастағы ардагерге ерекше құрмет көрсетілді

Бүгін / ШҚО

Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Умарбеков Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Головатюкке арнайы барып, мерекелік құрмет көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ардагер тұратын үйдің ауласында өткен шағын шараға партия өкілдері, мәслихат депутаттары және «Казцинк» ЖШС өкілдері қатысты.

Мерекелік атмосфераны ерекше сезіндіру үшін шағын оркестр ұйымдастырылып, соғыс жылдарындағы патриоттық әндер орындалды. 

 - Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл – тарихи маңызы зор, ерекше тағзым етуге лайық күн. Біз ардагерлердің жанқияр ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бейбіт күннің бағасын білуге олар жол ашты. “AMANAT” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады, – деді Нұрлан Умарбеков.

Михаил Яковлевич Головатюк – Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейін түсті металлургия саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан азамат. Қазіргі таңда ол 97 жаста. 

Бұл шара – жас ұрпаққа үлгі болатын тағылымды кездесу ғана емес, ел бірлігі мен батырлық рухын ұлықтайтын маңызды мерекелік қадам.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив