A+ A A-

talgatzhan 25 Кеше, 12:30 0

ШҚО-да әскерилер ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін / ШҚО

Өскемен гарнизонының бастығы, 27943 әскери бөлімінің командирі, полковник Азамат Абикеновтің бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, әскери полиция қызметкерлері және ШҚО Аумақтық бригадасының әскери қызметшілері тыл және соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара барысында ардагерлерге ҚР Қорғаныс министрі атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Өскемен гарнизонының бастығы, полковник Азамат Абикенов соғыс ардагерлері Михаил Головатюк пен Иосиф Зуевке, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Арман Кожамкулов тыл ардагерлері Александра Саратовцева мен Анастасия Светочеваға, Өскемен қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Данияр Алтайбаев Евгений Волощенко мен Курмат Рахимовке, 99230 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Қанат Турагулов ардагер Макар Харинге арнайы барып, ілтипат көрсетті.

Ұрпақ жадында өшпес ерліктің символына айналған ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет – бейбіт өмірдің бағасын білу мен Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің айғағы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив