6 мамыр күні қала тұрғыны, тыл еңбеккері Александра Данилова мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімі Алмат Ақышов ардагерді құттықтау үшін барып, арнайы сыйлық табыстады. Сонымен қатар оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын тапсырды.
Александра Данилова - жастайынан ауыл шаруашылығына белсене араласып, Отанға шын ниетімен қызмет еткен жанның бірі.
Ол 1925 жылы Самар ауданына қарасты Сарыбел ауылында дүниеге келген. 1941 жылы небәрі 16 жастағы бойжеткен бір айдың ішінде трактор айдауды меңгеріп, жұмысқа кіріседі. Содан бастап оның өмірі тынымсыз еңбекпен өтті. Жеңіс күнін де трактор тізгінінде қарсы алған.
11 жыл тракторшы, 8 жыл сауыншы болып еңбек етті. Зейнетке шыққанға дейін бұзау бағушы болды.
Ұлы Жеңіске қосқан қажырлы еңбегі мен табанды қызметі үшін Александра Данилова «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Пікірлер