A+ A A-

talgatzhan 38 Кеше, 15:00 0

Өскеменде ертең көлік қозғалысына шектеу қойылады

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жеңіс күніне арналған іс-шаралардың өткізілуіне байланысты «Жеңіс» мемориалдық кешенінің аумағында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін келесі көшелерде қозғалыс жабылады:

Славский көшесі – Лихарев көшесінен бастап мемориалға дейін;

Протозанов көшесі – Крылов көшесінен бастап мемориалға дейін.

Сонымен қатар сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Қазыбек би көшесі жабылады (Сәтбаев көшесінен бастап Өтепов көшесіне дейін).

Қала әкімдігінің өкілдері тұрғындардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив