A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:00 0

Қазақстанда жаңа 1000 теңгеліктер пайда болды

Бүгін / Республика

Қазақстан Ұлттық банкі 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр.

Банкноталардың түсі – қоңыр-сарғылт.

Алдыңғы бетінде:

  • Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.

  • Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.

Екінші бетінде:

- тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Суреттерді www.kfdz.kz мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап комитетінің «орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары архиві» РММ ұсынған.

- ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.

Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив