Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагері Иосиф Зуевке құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шаһар басшысы Алмат Акышов ардагерге шынайы ризашылығымды білдіріп, мызғымас ерлігі мен бейбіт болашаққа қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.
Иосиф Архипович 1923 жылы 9 мамырда Малоулбинка ауылында дүниеге келген. Сол ауылдан Кеңес армиясы қатарына шақырылып, әскери дайындықтан өтті. 1945 жылға дейін жарақат алмай, ерлікпен соғыс жолынан өтті.
Ол ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, Отан соғысы орденімен және 13 медальмен марапатталған. 2023 жылы соғыс ардагері 100 жасқа толды.
Пікірлер