Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Байтақ» партиясының ШҚО филиалының өкілдері ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барып, тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара барысында ардагерлерге естелік сыйлықтар мен тәттілер табысталып, олардың өмір жолы мен еңбегі үшін алғыс білдірілді.
Акцияға қатысқан ардагерлер: Астафьева Лидия Витальевна, Бизиля Екатерина Ермолаевна, Бичук Антонина Петровна, Выскубова Раиса Ивановна, Козолуп Едокия Михайловна, Коновалова Анна Гурьевна, Килочек Владимир Степанович, Морозова Надежда Ивановна, Рудая Мария Мартимяновна, Усиков Виктор Петрович.
- Тыл ардагерлерін бағалау – біздің парызымыз. Қадірлеу – болашаққа деген құрмет! - деді ШҚОФ атқарушы хатшысы Алмаз Джакишев.
Іс-шара ШҚОФ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Айдар Әлмырзаұлы Абдулдиннің қолдауымен өтті.
Мұндай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жастардың патриоттық сезімін арттыруға ықпал етеді.
Пікірлер