455 498.77 5.56
A+ A A-

Қазақстанда ауылдарда жаңа жобалар қолға алынды

Қазақстанда ауылдарда жаңа жобалар қолға алынды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

2025 жылы Қазақстандағы ауылдарда 176,4 млрд теңгенің мың жаңа жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл еліміздегі 500 ауылдық елді мекенде "Ауыл – ел бесігі"бағдарламасы шеңберінде мыңға жуық жоба іске асырылмақ. Осы мақсатта 2025 жылға арналған бюджеттен 176,4 млрд теңге қарастырылып отыр.

Жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға — инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, негізгі қызметтерге қол жеткізуді арттыру, өмір сүруге қолайлы орта құруға арналып отыр.

2019-2024 жылдары ауылды дамытуға 524 млрд теңге бөлінді. 2,6 мың тірек және спутниктік ауылда 6,6 мыңнан астам жоба орындалды. Осының арқасында, 772 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, мектеп, медициналық пункт пен мәдениет үйі сияқты 2,1 мың әлеуметтік нысан, 3 мыңнан аса кентішілік жол салынып, жөнделген.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив